Алқама есiмдi сахаба жiгiт өлiм аузында жатып «Алладан басқа Тәңiр жоқ» (Лә иллаһа илла Аллаһ) деп кәлима келтiруге тiлi келмей, қиналып жатады. Мұны көрген Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалардан:
- Бұл жiгiт бiреудi ренжiтiп пе едi? - деп сұрайды.
- Иә, бұл жiгiт анасын қатты ренжiтушi едi,- деседi олар.
- Онда барып анасын алып келiңдер, - дейдi Аллаһ елшiсi.
Анасы келедi. Оған Пайғамбар (с.ғ.с.):
- Балаңызға кешiрiм етiңiз, өлiм аузында жатыр, - дейдi.