Turn Desktop View Off
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 26863
Печать

Кеш оқылған намазБiр кiсi өмiр бойы намазын оқып, оразасын ұстап, Аллаһ Тағалаға құлшылық етуiн үзбептi. Тек бiр кемшiлiгi - намазын үнемi кешiктiрiп, уақыты бiтуге таянғанда ғана оқиды екен. Күндердiң бiр күнiнде ажал жетiп, әлгi кiсi өмiрден озыпты. О дүниеге барғанда есеп дәптерi бойынша жауап алынып болған соң, ол тозаққа лайық деп танылыпты. «Қалайша? - деп таң қалыпты мұсылман, - менiң өмiр бойғы жасаған құлшылығым, бiр Аллаһқа деген сүйiспеншiлiгiм мен қорқынышым, маңдайым сәждеде жатып, тозақтан құтылуды тiлегенiм - бәрi босқа кеткенi ме? Маған ақыреттiң жақсылығы шынымен-ақ бұйырмағаны ма?»

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 31378
Печать

Сауабы мол ғибадатБiр заманда Жебiрейiл перiште Аллаһ разылығы үшiн 2 рәкәт намазды 70 жыл бойы тұрып оқиды. 70 жыл аз уақыт емес, ал оның мәңгiлiк әлемiндегi уақыт екенiн ескерсек бiздiңше ондаған мыңжылдықтар шықпай ма?

Оқып болып: «Аллаһ риза болды ма екен?» - деп сұрапты. Сонда Аллаһ Тағала:

- Сен әрине ғибадат етесiң. Өйткенi, Менi де, тозақ пен жәннатты да көрiп жүрсiң. Бiр замандарда адамдар жаратамын. Олар не менi, не тозақты, не жәннатты көрмей-ақ иман келтiредi, намаз оқиды. Олар өмiр сүрiп жатқан уақыт көз iлеспес шапшаңдықпен жылжитын болады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 14456
Печать

Таң намазыБiрде Әзiрет Әлi таң намазына ұйықтап қалып, оянғасын қатты өкiнедi. Өзiн-өзi кешiре алмай күнi бойы күйiнедi. Ертесiне таң атпай оны: «Тұр, намазыңды оқы!» - деп бiреу оятады. Атып тұрған Әлi: - Сен кiмсiң, қайдан жүрсiң? - деп сұрайды оятушыдан.

- Шайтанмын.

- Онда неге маған жақсылық жасағың келiп тұр?

- Бұл жақсылық емес. Жақсылықты саған мен кеше жасап қойыппын. Сенi таң намазының сауабынан қағайын деп ұйықтатып тастап едiм, сен оянғасын қатты өкiндiң. Оныңды көрiп тұрған Аллаһ өкiнiшiңдi ескерiп, саған он сауап жазды. Әйтпесе сен таң намазыңды оқып, бiр ғана сауап алған болар ең, әттең!

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 21153
Печать
Құрбандық шыбынШыбын деген елеусiз ғана кiшкентай мақұлық үшiн бiр кiсi тозаққа, екiншiсi жәннатқа барғаны туралы Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен әңгiме бар. Ол былай болыпты.
 
Пұтқа табынатын бiр қауымның тұсынан екi адам өтiп бара жатады. Бұл қауымның тұсынан ешкiм солардың пұттарына құрбан шалмай өте алмайтын. Олар әлгi екi кiсiнi ұстап алып:
 
- Бiздiң пұттарымызға құрбан шалыңдар, - дейдi.
 
Екеуiнiң бiрi:
Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 29215
Печать
Мұнафиқ имамЕсте жоқ ескi заманда бiр ауылдың имамы қайтыс болады. Ел оны соңғы сапарына шығарып салуға дайындалып жатқанда, сол кезде өмiр сүрген бiр пайғамбарға Аллаһтан: «Имамды кәпiрлермен бiрге жерлеңдер, ол мұсылман емес» деген уахи келедi. Естiген ел есiнен тана жаздайды: «Бұл қалай?! Имам кәпiр болса, бiздiң жағдай қандай болғаны?» - деп қатты таң қалады.
 
Әлбетте, Аллаһтың айтқаны талқыланбайды. Имам кәпiрлер қорымына қойылады. Сонан соң имамның жақындары оның жесiрiнен сыр тартып байқайды: «Бұл бишара Аллаһқа қай жерден жазып қалды екен?» - дейдi олар. Ал, әйел:
Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3303986
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
597
368
1371
1837
17911
3303986