Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 22618
Печать

Алманың ақысыIлгерiде бiр елде Сәбит деген жiгiт өмiр сүрiптi. Сол Сәбит бiр күнi арықта ағып келе жатқан алманы ұстап алады. Қарны ашқан жiгiт алманы бiр тiстейдi де ойланып қалады. «Апыр-ай, бұл да бiреудiң өсiрген жемiсi ғой. Алма иесi ақиретте жолығып, ақысын сұраса не деп жауап берем?» - деп қиналады.

Сонан соң суды жағалап алма иесiн iздеп шығады. Жолда бiр баққа кез болады. Арық осы бақтың iшiнен ағып өтедi екен. Сәбит бақ иесiне келедi. Ол иман жүздi қария екен, жiгiт алманы рұқсатсыз тiстеп қойғанын айтып, қариядан өзiн кешiруiн сұрайды. Қария ойланып тұрады да:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 25670
Печать

ШүкірлікБiр кiсiнiң тұрмысы ауыр боп, тапқан азын-аулақ тиын-тебенi iшер асына жетпей, қысқа жiп күрмеуге келмей қатты қысылады.

Сонда әйелi оған үйдегi сатуға болатын заттарды түйiншекке орап, «Сатып, ақша қыл» деп базарға жұмсайды. Әлгi кiсi сатарын сатып, түскен ақшаға азық-түлiк алуға беттегенде, алдынан бiр қайыршы шығып:

- Үш күннен берi тамақ жегенiм жоқ, садақа бершi, - деп сұрайды. Зат сатқан кiсi жаны ашып, ақшасының жартысын қайыршыға бергелi тұрып:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 14429
Печать

Бала бақытыМұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар балаларды өте жақсы көрген екен. Бiрде ол есiк алдына шығып, айналасына қарап тұрса, бiр топ бала тай мiнiп шапқылап жүр екен. Тай мiнгендер мәз-мәйрам, көшенi басына көтерiп қиқулап келедi. Соларға қарап қызығып тұрған бiр баланы көредi.

Баланың мiнейiн десе тайы жоқ. Қызыққанмен басқа амалы жоқ, оның шарасыз күйi Пайғамбарға қатты батады. Ол баланың жанына барып:

- Тайға мiнгiң келе ме? - дейдi.

- Иә, - дейдi бала.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 25471
Печать

Дінді қабылдағын әжеМұхаммед (с.ғ.с.) бiрде көшеде белi бұралып, бiлегi үзiлiп кете жаздап, ауыр дорба арқалап бара жатқан егде әйел кiсiнiң қолынан жүгiн алып, барар жерiне жеткiзiп салған екен. Әлгi әйел жiгiттiң азаматтығына қатты сүйсiнiп:

- Қарағым, көп көмек жасадың. Сыпайы мiнезiң, мейiрбандығың,   тәрбие   көргендiгiң   көрiнiп   тұр.

Адамгершiлiктiң үлгiсi екенсiң. Саған осы еңбегiң үшiн не болса да, қанша берсем де аз екенiн бiлемiн. Мен саған аналық ақыл-тiлегiмдi айтайын, тiлiмдi алсаң  сен екi дүниеде де бақыт табасың, - дейдi.

- Айта қойыңыз.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 13337
Печать

Әдiл билiктiң абзалдығыБiр замандарда бiр елде 70 рет қажылық өтеген кiсi өмiр сүрiптi. Сол елдегi бiр бидiң бiр де бiр рет қажылыққа баруға мүмкiндiгi болмапты. Күндердiң күнiнде биге бiр досы: «Анау кiсiден жетпiс қажылығының бiреуiнiң сауабын сұрап алмайсың ба?» - деп кеңес бередi. Сауап сұрап келген биге ол:

- Мен саған бiр емес, алпыс тоғыз қажылығымның сауабын берейiн, сен маған ең әдiл бiр билiгiңнiң сауабын берсең, - дейдi. Би ойланып қалыпты. Өйткенi, бiр рет әдiл билiк шығару алпыс тоғыз қажылықтан ауыр әрi абзал болуы мүмкiн екен.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304108
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
719
368
1493
1959
17911
3304108